Наша миссия:
Бар жақсылық – білім, тәжірибе және сүйіспеншілік науқастардың игілігі үшін!

Все лучшее - знание, опыт и любовь во благо пациента!

приемная
+7 (7282) 23-47-17
служба внутреннего аудита
+7 (7282) 27-06-09

Облыстық кардиологиялық орталық қызметкерлеріне арналған инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша ақпараттық түсіндіру шарасы өтізілді.

Менингокок инфекция туралы облыстық кардиология орталығында медициналық қызметкерлерінің (дәрігерлер, медбикелер) арасында 2018 жылы 24-шы мамыр айында  №167-Ө  бұйрық бойынша  семинар өткізілді. Алматы қаласындағы қолайсыз  жағдай туралы хабарланды. Облыстық кардиология орталығында  медициналық қызметкерлердің жалпы  саны – 90 адам. Семинарға қатысқан медициналық қызметкерлердің  саны - 80 адам, соның ішінде дәрігерлер - 22 адам, орта буынды медициналық қызметкерлер – 58 адам. 10 медициналық қызметкерлер (дәрігерлермен, медбикелер) семинарға қатыспаған себебі: еңбек демалысында - 9 адам, еңбеке жарамсыз қағазда – 1 адам.  Менингит ауруды дер кезінде  анықтау, алғашкы медициналық көмек көрсету жене алдын алу профилактиқалық іс-шараларды ұйымдастыру туралы 30.05.18ж. медициналық қызметкерлерінің арасында жоспардан тыс тест бойынша аттестациялау өткізілді. Аттестациялаудан 76 - медициналық қызметкерлер өтті, соның ішінде дәрігерлер - 19 адам, орта буынды медициналық қызметкерлер – 57 адам. 14 медициналық қызметкерлер (дәрігерлермен, медбикелер) аттестацияға қатыспады себебі: еңбек демалысында - 11 адам, оқуда - 1 адам, еңбеке жарамсыз қағазда – 2 адам. Барлық бөлім меңгерушілеріне, дәрігерлерге  менингококк инфекцияның күдікті  жағдайын анықтау, тіркеу,  алдын – алу мақсатында, эпидемияға қарсы іс – шараларды ұйымдастыруы, емдеу тапсылылды. Облыстық кардиология орталығында барлық медициналық қызметкерлер жұмыс кезінде бет перде қолданады және барлық қабылдауға келген науқастарға, науқастардын туысқандарына бетперде күнделікті беріледі. 2018 жылы 24-шы мамыр айында  №169-Ө  бұйрық бойынша барлық бөлім меңгерушілері, дәрігерлері аға медбикелерге, медбикелерге  менингококк инфекцияның алдын алу үшін науқастардың арасында  санитарлық ағарту жұмыс жүргізу міндетелді (әңгіме, санитарлық бюллетеньдерді шығару, рефераттарды оқу, брошюралар мен бетшелерді  тарату). Дәрігер эпидемиологқа газетке макала жариялау және науқастардың әр  палатасына  жадынама   дайындау тапсырылды. 

Дата публикации: 30.05.2018 просмотров: 66 Все новости