Талдықорған қ., Ескелді Би к-сі №224

+7 (7282) 41-86-62
almoblkardio@almoblkardio.kz

Сайтқа қош келдіңіз

"Облыстық кардиологиялық орталық"ШЖҚ МКК

Темирова Кулпан МахмутовнаБіз сізді жаңартылған ресми Веб-бетте қарсы алуға қуаныштымыз. Сіз мұнда қажетті және қызықты ақпаратты таба аласыз деп шын жүректен үміттенеміз.

Материалдық-техникалық база ең заманауи жабдықтармен жабдықталған. Орталықта пациенттің мүдделерін ескере отырып, барлық емдеу-диагностикалық бағыттарда дәлелді медицинаға негізделген озық медициналық технологиялар мен әдістерді жоғары деңгейде қолданатын жоғары білікті мамандар жұмыс істейді.

Біздің орталықтың есіктері сізге және сіздің отбасыңызға әрқашан ашық!

Орталық директоры

Сурашев Нурсан Сеитович


 

 

Біздің миссиямыз:

Бар жақсылық – білім, тәжірибе және сүйіспеншілік 

науқастардың  игілігі үшін!

 

Қан алмасу жүйесіндегі ауруларды емдеудің стандартты және инновациялық технологиялар негізінде халықаралық ғылым мен тәжірибесіндегі жетістіктерін қолдана отырып Адамға жоғары білікті және қол жетімді медициналық көмекті көрсету.

Біз кәсіби қызметкерлердің біліктілігін, абырой мен ар-намысын, жоғары корпоративтік мәдениетін құрып, үнемі жоғарлатудың есебінен, аурухананың дәстүрі мен тәжірибесінің негізінде, науқастарға диагностика жасау, емдеу, денсаулығын жақсарту мен медициналық қызмет көрсету сапасының тиімділігін тапжылмай көтеріп келеміз.

Бізге көмекпен жүгінген әрбір адамдарға өз борышымызды жауапкершілікпен өтейміз.

 Біздің  құндылығымыз:

- біздің науқастар мен серіктестеріміздің алдындағы қызметтің заңды және адалды болуы

- қауіпсіз және тиімделген медициналық көмек көрсету

- науқастарға бағытталған сапамен қамтамасыз ету

- заманауи технологиялар мен жабдықтарын енгізу

- қызметкердің кәсіби біліктілігін дамыту және қолдау

- корпоративтілік

 

 Біздің мақсаттары мен міндеттері:

Облыстық кардиология орталығының қызметінің негізгі мақсаты Жетысу облысы тұрғындарының қан айналым жүйесі ауруларынан туындаған мүгедекті және өлімді төмендету арқылы тұрғындардың өмір сүру сапасын, ұзақтығын және денсаулық деңгейін жоғарлату;  ауру деңгейіне сәйкес медицина қызметінің сапасының тиімділігін медицина ғылымының басты жетістіктері арқылы жоғарлату.